АКГЮН, в секторе телекоммуникации со своим програмным проектом Naxtel 4G GSM оператор…
Шыгару тарихы: 31.10.2016 | Сонғы жанарту күні: 22.11.2016

Әзербайжан GSM операторына Акгюннен орасан бір бағдарламалық жасақтама.

АКГЮН, өзінің Naxtel 4G GSM операторы бағдарламалық жобасымен телебайланыс секторында Әзербайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасында, Байланыс және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен құрылған GSM операторы жобасы АКГЮН тарапынан орындалды.

Әзербайжанда технология саласында маңызды инвестицияларда болған АКГЮН, Naxtel 4G GSM операторының бағдарламасы және аппараттық инфрақұрылымымен ірі жобаларына тағыда бір жаңасын қосты.

Акгюнмен Түркия және Әзербайжан барлық салаларда ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.

25 қазанда Нахичеванда, бағдарламалық жасақтамасы АКГЮН тарапынан жасалған төртінші ұрпақ ұялы байланыс желісі пайдалануға берілді.

Ұзақ жылдар арасында, мемлекетімізде және халықаралық деңгейде, денсаулық, білім, жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс, мемлекеттік және жеке секторлар салаларында толық автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және бағдарламамен қамтамасыздандыру жобаларын жүргізген АКГЮН,  әрдайым жаңа технологияларды дамыту бойынша бірінші қадамдар жасауға ұмтылады.

Қызмет саласы секторларына тағыда бір жаңасыны қоса және “21 ғасырдың ең маңызды технологиялық өнімдерінің басында сөзсіз “байланыс” және “бағдарламалау” келуде ” идеясымен қозғала отырып, ақпарат ғасырынан артта қалмай достық, бауырластық және көршілес Мемлекетпен халықаралық жобаны жүзеге асыруда GSM операторы жобасының IT саласында Нахичеван Автономиялық Республикасының Байланыс және жаңа технологиялар министрлігімен АКГЮН Язылым арасында қол қойылған хаттама аясында, АКГЮН Язылым НИОКР және Инновациялар орталығында жобасы жасалған, Нахичеванның алғашқы жергілікті GSM операторы жүйесі болған және осы уақытта, әлемдік аренада бәсекелесу ерекшелігі бар TELCO GSMмен  телеком секторына қосымша маңыз қосатын Naxtel 4G GSM операторы жүйелері жобасы 2016 жылы қысқа 10 ай ішінді аяқталды.

  • Telco жобасы толығымен жаңа және жоғары технологиялардан құрылған.
  • Аймақтың қазіргі заманғы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сыйымдылық және құрылымға ие.
  • Барлық бағдарламалық жасақтама Түркияда жасалған және бұл жобаның А-дан Я-ға дейін толық қажеттіліктеріне жауап беру ойластырылған.

10 млн долларға жақын инвестициялық бұл жобамен, алғашқы этапта Нахчиванға, артынша Әзербайжанның басқа аймақтарына және көрші елдерге GSM қызметі ұсынылады.

Әлемдік аренада Түкияның бренд құнын арттырған жобаларға қол қойған АКГЮН Язылым директорлар кеңесі төрағасы қәдірлі Темел Акгюннің қатысуымен, әлемде санаулы телебайланыс жобалары арасында көрсетілген АКГЮН қол қойылған Naxtel 4G GSM бағдарламасы оператор жүйелері Нахичеванның алғашқы GSM операторы болып, телекоммуникация секторына инновация қосқан жобамыздың және TELCOM жобасының таныстыру рәсімі 2016 жылдың 25 ші қазанда салтанатты ашылу рәсімінде болып өтті.

Телефон операторының ашылуына Нахичеван Мәжілісі төрағасы Васиф Талибов, Нахичеван Автономиялық Республикасының Байланыс және жаңа технологиялар министрі Ровшан Мамедов, Нахичеван Автономиялық Республикасының экономика министрі Фамиль Сейидов, Қытай Халық Республикасының Huawei компаниясының  Орта Азия және Кавказ аймағы оператор желілері арқылы бизнес тобының президенті Чжан Донглианг, Түрік Телекомның Түркия және Кавказ сату директоры Армаган Караэге, АКГЮН Язылым директорлар кеңесі төрағасы Темел Акгюн және оның делегациясы қатысты.

Нахичеван Автономиялық Республикасының Али Мәжіліс төрағасы Васыф Талибов, Әзербайжанның ажыралмас бір бөлігі болған Нахичеван Автономиялық Республикасында төртінші ұрпақ ұялы байланыс желісінің қолдануға ашылуына арналған кіріспе сөзін “Мемлекеттің дамуы оның өз қауіпсіздігін қатамасыз етуінен басталады” – деп бастады.

Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек қана әскер құру және шекараларды қорғау емес, ол сондай-ақ азық-түлік, энергия және телебайланыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Нахичеванда жаңа ұялы байланыс жүйесінің ашылуы осы орайда маңызды оқиға болып табылады.

Осы кезден Нахичеван Автономиялық Республикасы телебайланыс шектемесі жойылып, ғаламдық байланыс жүйесіне қосылды.

Осыған байланысты, үздіксіз және сапалы ұялы байланыс сервисімен қамтамасыз ету, ұялы байланысты ұлттық және халықаралық роуминг жүйесіне енгізу негізгі міндет болып табылады.

Ұялы байланыс желісі Автономиялық Республика үшін маңызды бір сала.

Өйткені тұрақты байланыс және интернет қызметтері көрсеткіші адамдарға жайлылық береді.

Заманауи ұялы байланыс жүйесінің мүмкіншіліктерін тиімді түрде қолдана отырып сапалы қызмет беру үшін, бұл салада мамандардың дайындалуы керек “Сондықтан Нахичеван Автономиялық Республикасының Байланыс және жаңа технологиялар министрлігі бұл мәселеге назар аударуы тиіс, мамандар дайындау қажет.”- деді және Али Мәжіліс төрағасы ұялы байланыс жүйесінің құрылуында берген инфрақұрылым қызметтеріне байланысты АКГЮН Язылым директорлар кеңесі төрағасы қәдірлі Темел Акгюнге  алғыс айтты Нахичеван Автономиялық Республикасының Байланыс және жаңа технологиялар министрі Ровшан Мамедов өз кезегінде “Тәуелсіздік жылдары Автономдық Республикада экономиканың барлық салаларында болғандай, байланыс және жаңа технологиялардың дамуында табысқа жетілді”

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, бүгін Автономдық Республиканың барлық елді мекендерінде сымды және сымсыз интернетке қосылу мүмкіншілігі бар.

“Нахичеван Автономиялық Республикасында төртінші ұрпақ ұялы байланыс жүйесінің пайдалануға енгізілуі сол жетістіктердің жалғасы.” – деді, және Ровшан Мамедов Автономиялық Республика атынан АКГЮН Язылым директорлар кеңесі төрағасы қәдірлі Темел Акгюнге алғыс айтты Ұзақ жылдар бойы Түркияда және халықаралық деңгейде, Денсаулық Министрлігі аясында аурахананың автоматтандыру жобаларының басында бола отырып, көптеген салаларда аппараттық және бағдарламалық жобаларды жүргізген, әзірленген жобалармен мемлекеттер арасында ынтымақтастықтың орындалуын камтамасыз еткен АКГЮН Язылым директорлар кеңесі төрағасы Темел Акгюн айтқан сөзінде, Нахичеванда болғанына құанышты екенін атап өтті және “21 ғасырдың ең маңызды технологиялық өнімдерінің басында сөзсіз “байланыс” және “бағдарламалау” келуде” – деді

Бұл салаларға инвестиция жұмсаған мемлекеттер ақпараттық ғасырмен қатар жүруде.

“Достық, бауырластық және көршілес Нахичеван үкіметімен жинақталған біліміміз, технологияларымызды бөлісу және жаңа жобалар жетілдіруімізге өте бақыттымын және құаныштымын.”-деді

Акгюн NAXTEL 4G GSM операторы жобасының аяқталуына байланысты құанышын айта отырып, байланыс және жаңа технологиялар саласында атқарылған жұмыстарды айрықша атап өтіп алғысын білдірді. “Акгюн Язылым” мен ынтымақтастық және жаратылған жағдай үшін ерекше алғысын білдірді. Сондай-ақ Нахичеван Автономиялық Республикасы Президенті қәдірлі Васиф Талибовті көмегі үшін, Байланыс және жаңа технологиялар министрі Ровшан Мамедовке, сонымен бірге жобаға қатысқан барлық министр көмекшілеріне және олармен бірге жұмыс жасаған командаларға алғысын білдірді.

Акгюн ашылу сөзін келесі сөздермен аяқтады “NAXTEL 4G GSM операторы жобасының орындалуы үшін қажетті қолдауымыз арта отырып жалғастырылады. Сөз соңында тағы бір рет бізге осы мүмкіндікті бергеніңіз үшін алғыс айтамын, бұл жоба мемлекет және өлке үшін пайдалы болсын”


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017