АҚГҮН (AKGÜN) Қан базасы
Шыгару тарихы: 24.07.2013 | Сонғы жанарту күні: 14.01.2014

kanbilgibankasi

Қан мәлімет базасы жобасы қан алу және қан алудан кейінгі процестерді электронды ортаға көшіріп, қан үлгілерін ең оңай жолмен бақылау арқылы керек кезде қажет болған қан үлгісін табуға көмектесетін жүйе болып табылады. Жоба донорларды тіркеу, лабораториялық тексерістер, дәрігер тексерісі, қан алу, лабораторияда қанның жарамдылығын қадағалау және алынған қанның (жарамды/жарамсыздығын) бақылау процестерін қамтамасыз етеді. Барлық процестерде қолданушының жұмысын жеңілдететін бірқатар  ерекшеліктер қолданылған және процестерді штрих-кодтар арқылы да бақылау қарастырылған.

Қан қажет болған басқа да мекемелер осы жүйе арқылы сұраныс жібере алады және осй жүйе бойынша қан тасымалдау әрекеттерін жасай алады.

Жүйе ең жоғарғы дәрежелі икемді құрылым ретінде алдын ала енгізілген параметрлерге сәйкес қолданыс барысында пайда болатын қателерден қолданушыны ескертіп қате іс-әрекеттердің алдын алып отырады. Ұзақ және қысқа уақытқа созылатын қан алу процестерін ұйымдастыру үшін жүйе тарапынан кестелер және статистикалық мәліметтер жасау мүмкіндіктері берілген.

Жүйеде жасалынатын жалпы барлық процестердің есеп-қисабы жасалынуы, донор тарапына берілетін бірқатар ресми құжаттардың жүйе тарапынан автоматты түрде дайындалуы қарастырылған.

Жүйедегі рұқсаттау және керек жағдайлардағы шектеулер жасалынуы арқасында мәліметтердің қауіпсіздігі және кейбір мағлұматтардың анонимдігі жүйе тарапынан  қарастырылған және жүйеде жасалған барлық процесстерді тіркеу дәптері жүйеде жазылады.


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017