АҚГҮН (AKGÜN) Радиологиялық ақпарат жүйесі
Шыгару тарихы: 24.07.2013 | Сонғы жанарту күні: 14.01.2014

radyolojibilgisistemi

Радиологиялық ақпарат жүйесі ( РАЖ) басқа жобаларға тәуелсіз түрде өндіріліп өз басына жұмыс істей алатын, қолданыла алатын, сатып алына алатын web жобасы болып табылады. Ауруханалардың / емханалардың радилогия бірліктерінде мұқтаждық сезілген процедуралар үшін дамытылған. Әртүрлі қызметкер түрлері бойынша әртүрлі ерекшеліктерде қызмет ұсынылады. Жалпы, АҚГҮН (AKGÜN) РАЖ– нің ие болатын ерекшеліктерін былай деп тізе аламыз:

Анықтаушы экрандар

Радиология ақпарат жүйесі шеңберінде қолданыла алатын кейбір негізгі деректер енгізілген экран болып табылады. Бұл экрандардың көмегімен:

  • Талдау және талдау топтарын анықтау,
  • Бірлікті анықтау,
  • Бірліктерге персонал тағайындау,
  • Жабдық пен өндіруші анықтау,
  • Есеп беру шаблоның анықтау,
  • Кездесу туралы жазба хат анықтау,
  • Жүйеде қолданылатын ерекшеліктерді (аурухана атауы, мекен жайы, логотип, және т.б.) анықтау

тәрізді процедуралар атқарыла алады.

Күнтізбе және кездесу тағайындау процедуралары

Радиологиялық ақпарат жүйесі бірлік және жабдық негізінде күнтізбе тікреу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондай ақ, бір мезетте әртүрлі күн және сағаттарда қайталанған күнтізбелер әзірлеуді қамтамасыз етеді. Әзірленген күнтізбелерде тіркеу бойынша автоматты түрде кездесу тағайындау күнтізбесі жасалады. Жабдықтардың жұмыс істеу сағаттары бойынша кейбір алаңдар бос емес, кейбір алаңдар бос болып көрінеді. Бірлікке және жабдыққа байланысты кездесу тағайындала алады. Кездесуді анықтаған кезде шиеленісті бақылау, бір мезетте бірден көп кездесуді ұйымдастыра алу және тартып алып қой ерекшеліктері пайдаланушының таптырмас серігі болып табылады.

Әртүрлі технология мен жүйелермен интеграция

Радиология ақпарат жүйесінің денсаулық секторында қабылданған көптеген жүйемен интеграцияда (ықпалдасқан). Бұлар:

  • HL7 интеграциясы
  • WADO интеграциясы
  • PACS интеграциясы
  • Жұмыс тізімі (worklist) әзірленіп, жабдыққа жөнелту ерекшелігі
  • DICOM сервистерін бастау/ тоқтату/ тәртіпке салу ерекшелігі

Статистика

Статистика экраны динамикалық түрде статистикалық сұрастыру және есеп алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Есеп беру

Қолданыстағы анализдер мен түсірімдермен қатысты дауысты және жазбаша есеп әзірлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондай ақ, кейінірек қолданылатындай қылып, есеп шаблонын әзірлеу және бұрынырақ жазылған шаблондарды қолдану ерекшелігін қамтамасыз етеді.

Анализ сұранысын бақылау

Жаңа анализ процедурасын тіркеу, қолданыстағы анализдерді және түсірімдерді әртүрлі кезеңдерде бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл кезеңдер келесідей: сұраныс жасалды, кездесу тағайындалды, түсірім басталды, жойылды, түсірім аяқталды, айтылды, есебі әзірленді, есеп келісілді.

 

Науқасты тіркеу және бақылау

Науқасты тіркеудің оңай және тез жасалуын қамтамасыз етеді. Сондай ақ, науқастың кезек тізімін қолданып, келесі науқастың шақырылуын және күту бөлмесінде науқастарға ақпарат берілуін қамтамасыз етеді.

CІЗГЕ АРНАЙЫ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫРҒАН ҚОЛАЙЛЫҚТАР;

  • Ашылған сессияның әртүрлі жүйелердің ішінде(RBS, PACS, WADO)қолданылуын қамтамасыз ету және белгілі бір мерзім өткен соң қолданылмаған жағдайда сессияның күшін жою
  • Деректер жолы (cookie) көмегімен экранның ең соңғы күйін (басылған кнопкаларды, таңдалған ерекшеліктерді, панелдің енін және т.б.) сақтап қалу
  • Web негізіндегі интерфейстіұзақтықтан басқару мүмкіндігі: WEB негізінде болуына байланысты кейінірек дербес компьютерлерде құруды қажет етпейді, осыған орай жоғары дәрежелі жүйе ерекшеліктерін қажет етпейді
  • Жасалған үдерістердің тіркелуін жүргізу арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Log экранға байланыстын бар- жоғын қарау және сүйемелдеу қолайлылығы
  • пайдаланушыларға біреуден көп рөл қолдауы
  • Рөлдерге байланысты құзыретті шектеу
  • Пайдаланушылардың серігі интерфейс, оңай қолдану
  • Әр түрлі тіл варианттары, түрік тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, азербайджан тілі, қазақ тілі

байджан тілі, қазақ тілі


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017