Маңызды өнертабыстарды ойлап табушы AKGÜN компаниясы «Медициналық-биологиялық технологиялар жөніндегі конференцияда» өзінің терең білімімен бөлісті
Шыгару тарихы: 29.09.2014 | Сонғы жанарту күні: 06.10.2014

Өнімін әлемдік нарыққа шығарудан үмітті, маңызды өнертабыстарды ойлап табушы AKGÜN компаниясы «Медициналық-биологиялық технологиялар жөніндегі конференцияда» өзінің терең білімімен бөлісті…  

AKGÜN компаниясы сонымен бірге Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен «TELETIP» (телемедицина) жобасы бойынша Түркияның сәулетшісі-тұңғыш жол салушысы болып табыла отырып, өкпенің рентгендік бейнелері диагностикасының компьютерлік жүйесіне және медициналық-биологиялық технологияларға арналған Түркия тарихындағы тұңғыш конференцияда ерекше есте қалды.

Медициналық-биологиялық технологиялар жөніндегі Халықаралық федерацияның 6-шы еуропалық конференциясы  2014 жылы 7-11 қыркүйек аралығында Хорватиядағы Дубровник қаласында өтті. Медиктер мен технологтар қоғамдастығын біріктірген конференцияда AR-GE» (Зертте және жетілдір!) атты бағдарлама аясында медициналық секторда ең өзекті мәселелер көпшілік талқысына түсті.1999 жылы Вена қаласында өткен тұңғыш конференция ұсынылған 1000-нан астам мақаланың арқасында үлкен табыспен өтті. Ғаламшардың әр түкпірінен келген биомедициналық технологтардың және медицина ғылымдары докторларының қатысуымен өткен осы конференциялар сериясына үлкен қызығушылық білдіріліп, олар 2002 жылы Вена қаласында, 2005 жылы Прага қаласында, 2008 жылы Бельгияда және 2011 жылы Будапешт қаласында жалғасын тапты. Сонымен қатар 2014 жылы өткен «Биомедициналық технологиялардың жаңа көкжиегіне қол созу» атты конференция көптеген қонақтар мен лекторларды өарсы алып, оларға жарқағаздар ұсыну және көрме залдары мен шеберханаларды орналастыру мүмкіндігін берді.  Конференцияда оқылған баяндамалардың негізгі тақырыптары төменде көрсетілген:

  • Биомедициналық дабылдарды өңдеу
  • Биомедициналық дабылдарды кескіндеу және бейнелерді өңдеу
  • Био-микро/нано-технологиялар
  • Биоматериалдар
  • Биомеханика, робот техникасы және ең кемі инвазивтік хирургия
  • Кардиология, тыныс салу және эндокриндік жүйелер технологиясы
  • Нейрореабилитациялық технология
  • Молекулярлық, жасушалық және тіндік технологиялар
  • Биоинформатика және есептік биология
  • Медициналық информатика, e-денсаулық сақтау және телемедицина

Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен «TELETIP» (телемедицина) жобасы бойынша Түркияның сәулетшісі-тұңғыш жол салушысы болып табыла отырып, өкпенің рентгендік бейнелері диагностикасының компьютерлік жүйесіне және медициналық-биологиялық технологияларға арналған Түркия тарихындағы тұңғыш конференция аясында ерекше есте қалған AKGÜN компаниясының MBEC 2014 (The 6th European Conference of the International Federation for Medical and Biological Engineering – медициналық-биологиялық технологиялар жөніндегі Халықаралық федерацияның 6-шы еуропалық конференциясы) ұсынылған «Lung Nodule Detection in X-Ray Images: A New Feature Set» (Өкпенің рентгендік бейнелерінде түйіндерді анықтау: функционалдық мүмкіндіктердің жаңа жиынтығы) деген аталатын мақаласы мақтануға тұрарлық еңбек. Мақаланы көпшілік назарына AKGÜN компаниясының бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарының бірі Buket OĞUL ұсынды.

GLOBOCAN компаниясы 2012 жылы ұсынған деректерге сәйкес, өкпе, омырау және тоқ ішек қатерлі ісігінің  өте жиі кездесетіндігіне қарамастан, адамдар көбінесе өкпе, бауыр және асқазан қатерлі ісігі дертінен көз жұмады. Осыған байланысты, TÜBİTAK (Түркияның ғылыми-технологиялық зерттеу кеңесі) ынтымақтастығымен әзірленген «Компьтерлік диагностика жүйесі» ең алдымен рентгендік суреттерді қарау кезінде жоғалып кетуі мүмкін ауытқуларды анықтау үшін, диагностикалау қателіктерінің пайызын азайту мақсатында «қосымша көз» болу және дұрыс диагностика жасау пайызын арттыру үшін жасалды, әлемнің 20 елінің 300-ден астам академиктері мен сектор өкілдерінің назарын өзіне аударды және конференцияға шақырылғандардың қызығушылығын тудырды.

Ширек ғасырдан астам тәжірибесі бар, өнімін әлемдік нарыққа шығарудан үмітті, маңызды өнертабыстарды ойлап табушы AKGÜN компаниясы ішкі және шетел нарығындағы қажеттілікті егжей-тегжейлі талдады және өзінің қуатын үнемі арттырып отыруды көздеді. Ақпараттық технологияларда өзгертіліп және жетілдіріліп отыратын қажеттіліктермен қатар қадам басып келе жатқан біздің фирмамыздың көл-көсір табысының құпиясы осы салада туындаған барлық жаңа жаһандық үрдістерге және сонымен қатар таяу уақытта өзіне деген қарым-қатынасты өзгертуге қабілетті жақсы өнімі бар  дамыған елдерге жасалатын ұсынысқа байланысты болады.        


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017