Aкгюн компаниясы «IHE Connectathon 2014» кезінде өзінің өнімін халықаралық стандарттарға сәйкестігін кезекті рет растады!
Шыгару тарихы: 22.05.2014 | Сонғы жанарту күні: 13.06.2014

Вена қаласында сәуірдің 7-нен 11 аралығында өткен «IHE Connectathon» іс-шараларында Aкгюн компаниясы өзінің PACS Server, PACS Workstation өнімін және «Радиология бойынша ақпараттық жүйесін» үлкен табыспен ұсынды, және де өзінің өнімін IHE стандарттарына сәйкестігін кезекті рет растады. Осыған байланысты ол өзінің өнімінің әлемдік стандарттарға сәйкес келетіндігін Денсаулық сақтау министрлігі талап ететін 11 жаңа актерлік профильдерді қоса алғандағы 6 актерлік профильдерді ұсына отырып құжаттармен растады.

IHE (Денсаулық сақтау кәсіпорындарын интеграциялау) – бұл денсаулық сақтау секторының компьютерлік жүйелердегі медициналық ақпараттарды бөлу тәсілдерін дамыту мақсатында медициналық қызметтер ұсынатын өнеркәсіптер және кәсіпкерлер бастаған бастама болып табылады. Ол IHE, DICOM және HL7 сияқты стандарттардың клиникалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аспаптар және жүйелер арасындағы деректердің алмасуын пайдалануды ынталандыру мақсатымен құрылған. Осылайша, IHE стандарты бойынша жүйенің басқа стандарттар арасындағы деректердің алмасуы жеңілдетіледі, орнату уақыты жылдамдатылады және қызметтер көрсететін тарапқа неғұрлым тиімді ақпараттың берілуі қамтамасыз етіледі.

Жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандырылудың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету және осы біріктірілуді ынталандыру мақсатында IHE Connectathon-ды жүргізу кезінде нақты орнату және сынау құралдарымен қамтамасыз етеді. Connectathon-ды жүргізу барысында әртүрлі әзірлеушілердің жүйелері өзара хабарламалармен алмасады. Осы сынақтарды өткізу кезінде IHE профильдері деп аталған клиникалық сценарийлер кезінде IHE орындаушылары ретінде сипатталған рөлдерде көрсетілген барлық операциялар аяқталуы тиіс. Connectathon – бұл өте маңызды іс-шара, ол IHE профильдерінің қатысушылардың өнімдерімен үйлесімділігін және қатысушылардың бірлескен жұмыс қабілеттілігін расталуын қамтамасыз етеді.

Connectathon Азияда, Европада және Солтүстік Америкада әр жыл сайын өткізіледі. Connectathon-ды өткізу үрдісі шамамен бір аптаға жуық уақыт созылады, оған жүздеген әзірлеуші-фирмалар қатысады. Биылғы жылы біздің топ Вена қаласында сәуірдің 7-нен 12-сі аралығында өткізілген Connectathon-ға қатысты, онда PACS Server, PACS Workstation және Радиология бойынша ақпараттық жүйені сынаққа ұсынды.

2014- жылы Венада Connectathon-да PACS Server, Workstation және RIS өнімдеріне жүргізілген IHE сынақтарының жалпы саны 17-ні құрады. Біздің жұмыс тобымызға  және барлық персоналға көрсеткен қолдаулары үшін өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз.


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017