АКГЮН басқосуынан барбекю-кешке дейін …
Шыгару тарихы: 26.05.2014 | Сонғы жанарту күні: 13.06.2014

«АКГЮН» компаниясы барбекю-кешті «AKGÜN Ankara Merkez Plaza» ғимаратының VIP-бақшасында өткізді, оған бағдарламалық қамсыздандыру бойынша жергілікті және шетелдік қызметкерлер, серіктестеріміз және ірі әлемдік компаниялардың жоғары лауазымды өкілдері қатысты.

«AKGÜN Ankara Merkez Plaza» ғимаратында 2014 жылғы 17 мамырдан 19 мамыр аралығындағы жоғарғы деңгейдегі жиналыс өткізілгеннен кейін 300 адамға арналған барбекю-кеш ұйымдастырылды. Мақсаты корпоратив ішілік қарым-қатынасты арттыру болған осы іс-шараға қатысушылар шеңбері кең болды.

Қонақтар едәуір сәнді де көңілді барбекю-кеште емін-еркін көңіл көтерді, онда латын-америкалық музыка әуенінің сүйемелдеуімен бірлік және бірігу туралы жолдаулар таныстырылды. Кеш аяқталғаннан кейін күтіп тұрған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері топтық фотосуреттер жасады. Жиынға шақырылған «АКГЮН» компаниясы тобының Басқарма кеңесінің төрағасы өзінің баяндамасын мынадай сөздермен қорытындылады: «Құрыметті қызметкерлеріміз! Жыл бойы сіздер жоғарғы қарқында жұмыс атқардыңыздар. Біз осы семинарда персоналдың білім деңгейін арттыру, жаңа технологиялармен таныстыру, «АКГЮН» жүйесінің жаңа өнімдерімен таныстыру үшін бірігіп бас қостық. Келесі жаңа кезеңде барлық персоналға үлкен табыстар тілеймін!».

Біз, бірден бір «АКГЮН» отбасы, барлық шақырулар бойынша қатысқан қызметкерлермен қатар, сондай-ақ шешімдерді қабылдау бойынша серіктестерді және ірі әлемдік компаниялардың жоғары лауазымды өкілдеріне олардың енгізген үлестері мен қатысулары үшін алғысымызды білдіреміз.

 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017