Шексіз ақпарат ағымын өңдеуші АКГЮН тұрақты білім беру бағдарламаларымен өмірді жарқындыққа қарай өзгертеді…
Шыгару тарихы: 20.01.2014 | Сонғы жанарту күні: 14.11.2014

Білім беру бағдарламаларын толық қолдау – АКГЮН-нің үздіксіз оқыту пәлсапасы …

«АКГЮН» мансаптық менеджментті персонал жұмысын жетілдіру бойынша білім беру бағдарламаларының көмегімен жүргізеді …

Білім беру адам ресурстарын басқару әлемі үшін негізгі сөздердің бірі болып табылады. Қолданыстағы адам ресурстарын оқытудың шығармашылық құрамдасының ықпалын мойындай отырып, «АКГЮН» қызметкерлерді оқытуға үлкен маңыз береді. Компания мақсаты қызметкерлердің жұмысының сапасын арттыру және компания ішінде және одан тыс жерлерде оқытулар жүргізу есебінен олардың байланыстылығын арттыру.

Бәсекеге қабілеттілік заңдары билік құрған бизнес әлемінің жағдайында «АКГЮН» адам ресурстарын жұмысты жақсарту ісіндегі ең маңызды тармақ екендігін мойындай отырып, 2013 жылы сондай-ақ өз персоналына арналған білім беру бағдарламаларына инвестициялауды қолдауды жалғастырды. «АКГЮН» 2013 жылы өзінің персоналының жұмысын жетілдіруге 111 күн және 263 сағат бөлді, ол кәсіби жетілдіру бойынша, дербес жетілдіру бойынша және корпоративті оқыту үшін дербестік тәртібінде де, бұқаралық қатысуға да арналған 212 оқыту іс-шараларын өткізді. Көшбасшылық дағдыларын жетілдіру, басқарушылар тарапынан оқыту пікірін бағалау және қызметкердің дербес жетілдірілуін жоспарлау қызметкер жұмысын жетілдірудің басты құрамдастары болып табылады.

Қазіргі уақытта, технологиялардың жылдам ауысу жағдайында және бүкіл әлем бойынша бәсекелестіктің дамып тұрған кезінде неғұрлым оқытылған жұмыскерлерге басым сұраныстың артуы жағдайында қызметкерлердің үздіксіз білім алу күйінде болуы үшін барлық күштерін салулары қажет.

Дербес жетілдірілуге ұмтылу барысында қызметкер жұмыс берушіге өзінің мансаптық мақсаттары туралы үнемі хабарлап тұруы тиіс, өзінің білім деңгейін арттыру үшін зерттеулермен айналысып, білім алу бағдарламаларына қатысуға, тәжірибе жинақтау үшін жаңа жобалардағы жаңа лауазымдарға тағайындалуға қол жеткізуге, болашақ қадамдарын және бағаларын анықтауға, дербес әрекеттерінің жоспарларын жасауға тиісті.

«АКГЮН» сапалы өнімдер мен қызметтерді ұсыну, өзгерістерге ашық болу, және жасампаздық мүмкіндігіне иелік ету мақсаттарында қызметкерлердің дамуына қолдау көрсетеді. Қызметкерлер өз кезегінде өздерінің дербес дамуын қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларына қатыса отырып, өздерінің жеке мансаптық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында табысқа жетелейтін жол бойынша фирмалармен бірдей көзқараспен алға ұмтылады.


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017