Aкгюн компаниясы өзінің «ARGE» жобаларының арқасында болашаққа жол ашып, өзін көшбасшы ретінде танытуын жалғастыруда: Рентген бейнелері бойынша диагноз қоюдың компьютерлік жүйесі
Шыгару тарихы: 01.03.2014 | Сонғы жанарту күні: 14.11.2014

Aкгюн компаниясы «Өкпенің рентген бейнелері бойынша диагноз қоюдың компьютерлік жүйесі» және медициналық қызметтер көрсетуде жаңа жол ашты!

Ұзақ мерзімде жүргізілген зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесінде өзінің секторында үнемі алдыңғы қатарлардан табылатын Aкгюн компаниясы, Түркияда алғаш жүзеге асырылатын «Өкпенің рентген бейнелері бойынша диагноз қоюдың компьютерлік жүйесін» іске қосты. Осының арқасында рентген бейнелерін талдау кезінде рентгенологтарға нақтылаушы нүкте қызметін атқаратын түйінді жуандатудың автоматты орнатылу жүйесі жүзеге асырылды. Осы жобаның арқасында зерттеу және дамыту  компаниясының қолдауымен Түркияда медициналық қызметтер көрсетуде жаңа жол ашылды.

Осы жобаға қажеттілік қайдан пайда болды?

Клиникалық тұрғыдан жұмыс жүргізу кезінде ракпен ауру жағдайларының тек қана 16% бастапқы кезеңде анықталып, бұл науқастың 5 жылдық өмірінің 3 есеге артуына себеп болады. [1]

Екінші жағынан жасалған басқа бір зерттеуде төмендегі қорытындылар жасалды; [2]

  1. Өкпе рагымен ауыратын науқастардың өкпелерінің алғашқы рентгенограммаларын ретроспективті қарастыру кезінде олардың 90% жағдайында паталогиялық өзгерістердің бейнелері көрінгендігі баяндалған.
  2. Рентгенологтың рентген суреттері бойынша түйінді жуандатулардың 7 мм-ге жуық мөлшерін айыра алу мүмкіндігі 50% құрайды. (Бұл қатынас борлық емес (not calcific) түйінді жуандатулар үшін жарамды болып табылады). Бұл осы мөлшердегі түйінді жуандатулардың жартысына жуығы байқалмайтындығын білдіреді.
  3. Диаметрінің мөлшері орташа 2,5 см-ге жеткен өкпе рагы кезінде өмір сүру ұзақтығын тағы 5 жылға ұзарту ықтималдығы шамамен 13% құрайды, рак ауруы ерте анықталған кезде (1-кезеңде) өмір сүру ұзақтығын тағы 5 жылға ұзарту мүмкіндігі 70%-ға дейін жетеді.
  4. «Өкпе рагы» диагнозын анықтамау (байқамай қалу) жағдайлары АҚШ-та рентгенологтарды екінші медициналық-құқықтық санат бойынша моральдік өтемақы төлеу бойынша сотқа талап-арыз берудің себебі болып табылады.

Бұл жұмыстар түйінді жуандатуларды байқамай қалу пайзының өте жоғары екендігін көрсетеді және бұл пациенттердің ауруы өте кеш кезеңдерде анықталатындығын көрсетеді. АҚШ-та аталғын жұмыстар жүзеге асырылуда, бірақ біздің елдегі ахуал әлі де алға қарай жылжымай отыр.

ДҚКЖ жүйесі қалай  қолданылуы тиіс?

Рентгенолог ДҚКЖ жүйесі әсер етпеуі үшін, ол бірінші кезеңде ДҚКЖ жүйесін іске қоспайды және бейнені жобалап бағалау жүргізеді. Осыдан кейін ол ДҚКЖ жүйесін іске қосып, екі ахуалды салыстырады. ДҚКЖ бейнесіндегі қалыптан тыс симптомдарды белгілейді. Осы симптомдардың деректері расталған кезде рентгенолог оларды PACS-ке мұрағаттайды. ДҚКЖ dicom стандарттары бойынша деректермен алмасады және ауруханалардың кез келген ақпараттық жүйесінің стандарттары шеңберінде біріктірілуі мүмкін.

Қорытындылар: технологиялық та, биологиялық та шектеулер бейнелердегі түйінді жуандатуларды анықтауға кедергі жасайды. Біздің елде алғаш рет Aкгюн компаниясы жүзеге асырған өкпенің рентген бейнелеріндегі түйінді жуандатуларды автоматты анықтау жүйесі рентгенологтардың сенімді көмекшісі болып, ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттырады.

([1] American Cancer Society Cancer Facts and Figures 2009, [2] Mayo lung cancer screening project) 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017