HIMSS-ның Түркиядағы іс-шараларына қатысқан АКГЮН-нің ықпалы зор болды!
Шыгару тарихы: 20.06.2014 | Сонғы жанарту күні: 26.06.2014

Ақпараттық технологиялар алпауыты болып табылатын АКГЮН-нің жетістіктері молаюда

2014 жылы маусым айының 4-5 жұлдыздарында Стамбул қаласының Халич Конгресс Орталығында HIMSS-ның Түркиядағы іс-шаралары өткізілді. Клиенттердің ризашылығына ие болған және сапалы өнім шығаратын табанды АКГЮН компаниясы аталған іс-шараға Gold Sponsor (Алтын демеуші) ретінде қатысып, қосалқы құнды қамтамасыз етті. Көрмеге келушілердің назарына инновациялық өнімдерін ұсыну арқылы көптеген жергілікті және шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырды.

Стендімізге келіп көрушілер «Клиникалық ақпараттық жүйелер», «Радиологиялық зерттеу жүйелері», «Үш  өлшемді зерттеу атқарымдары», «Компьютерлік диагностика жүйелері», «Шешімді қолдау жүйелері», «Мобильді қосымшалар» мен медициналық қызметтердің көрсетілуін арттыратын тағы басқа мүмкіндіктермен танысты.

Сонымен қатар, 4 маусымда отырыста көрмеге келушілердің кең қатысуымен өткізілген «Мемлекеттік аурухана бірлігінде (KHB) ынтымақты жұмыс» тақырыбындағы ұсынысымыз көпшіліктің назарын аударды. Бұл отырыста Мемлекеттік ауруханалар бірлігінің құрылуымен бірге әкімшілік, қаржылық және клиникалық тақырыптардың маңызының одан сайын артқанына көңіл бөлінді. Алайда материалдарға болған сұраныстың, сатып алудың, қоймадағы қалдықтардың, шот-фактуралардың, есептердің, бюджеттің, құжаттардың басқарылуы мен әкімшілік тарапынан бақылауға алынуы – бұл «АКГЮН компаниясының» KHB-нің қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді жүзеге асырғанның белгісі екені айтылып өтті. «АКГЮН компаниясының» мұндай жетістіктері және сапа миссиясы түсіндірілді.

HIMSS-ның Түркиядағы іс-шаралары барысында АКГЮН компаниясы өзінің шығарған өнімдері, ұсынған қызметтері, жеткен жетістіктері және ұстанған сапа стандарттарымен дүниежүзілік бір фирма екенін тағы бір рет дәлелдей білді.

Мемлекеттік ауруханалар бірлігінде ресурстардың орталықтандырылып басқарылуы мақсатында шығарылған «AkGES ERP Корпоративтік ресурстарды басқару жүйесі» елімізде бірінші болып «АКГЮН Бағдарламалық жасақтама» тарапынан жүзеге асырылды. Қатерлі ісік жағдайларының радиология мамандары тарапынан анықтауын көбейтетін және флюорография кезінде ісіктерді автоматты түрде белгілейтін жаңадан шығарылған «Компьютердің қолдауымен істейтін флюорографиялық диагностика жүйесі» дәрігерлердің үшінші көзі ретінде сырқатты ерте анықтауға және өкпе обырының салдарынан болатын өлім-жітім деңгейін нөлге жақындатуға көмектеседі. Алайда ақпараттың басқарылуы үшін жасалған және Басқаруды қолдау атқарымы болып табылатын «Жұмыс зердесі»  жүйесі де қызығушылық тудырды.

Осылайша параллель болып өткізілген отырыс барысында HIMSS Түркия Марапаттау салтанатында фирмамыздың бағдарламалық жасақтамаларын қолданысқа алған Ризе қаласындағы мемлекеттік аурухананың 6-сатыға аккредитациясы жасалды. Отырысқа қатысушылар аталған мекеменің жеткен жетістіктерінің кезеңдерімен таныстыЖоғары қызығушылықпен қарсы алынған ұсыным барысында Ризе қаласы KHB Бас хатшысы д-р Шафак СҮНБҮЛ қолдағы жетістіктерге басқарманың жұмысы арқасында жеткендерін айтып өтті. Ол сандық аурухана тұжырымдамасының толығымен жүзеге асырылуы үшін әлі көп еңбек ету қажеттігін айта отырып, «Түркияда HIMSS жүйесімен жұмыс істейтін 4 аурухананың арасына кіріп, бұл жүйені қолданатын Еуропадағы ең үлкен ауруханамыз. Бұл жүйенің арқасында ауруханаларымызда бұдан былай қағаз  құжаттарды қолдану кезеңі аяқталады. Дәрігер мен қызметкерлердің қате жіберу ықтималдығы нөлге жақындап қалады», – деп жетістіктің маңызына тағы бір рет көңіл аударды.

Осылайша, денсаулық сақтау ақпараттық және басқару жүйелері саласында мойындалған және жаһандық жарамдылыққа ие болған Денсаулық сақтау саласында ақпараттық және басқару жүйелер қауымдастығы (HIMSS) тарапынан 6-сатыға аккредитацияланған Ризе қаласындағы мемлекеттік ауруханасын Халықаралық деңгейде мойындалғаны үшін «АКГЮН Групп» атынан құттықтай отырып, бұдан әрі жетістіктерге қол жеткізуіне тілектеспіз.

HIMSS-ның Түркиядағы іс-шаралары барысында көп ұлтты компаниялардың басшылары (CEO), Мемлекеттік ауруханалар бірлігінің Бас хатшысы және денсаулық саласында сөзі өтетін бүкіл қатысушылардың құттықтаулары нәтижесінде және клиенттердің ризашылығы мен өнімнің сапасына негізделген қызмет көрсету тұжырымдамасы арқасында ұлттық деңгейге көтеріліп, жаһандық деңгейде жұмыс жасап, дүниежүзіндегі клиенттерге қызметтерін ұсынған компаниямыздың өз саласындағы бәсекелестікті жеңіп шыққанын мақтанышпен жариялаймыз. Еңбегі сіңген бүкіл әріптестерге зор алғыс.


Жоғары

Акгюн Язылым © 2017