“Ақпараттық индустрия лигасын «AKGÜN» компаниясы өнімдері мен үрдістерінің төңкерісі анықтайды“
Шыгару тарихы: 16.04.2015 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

«AKGÜN» компаниясының аутсорсингтік тренингтері аясында қызмет көрсетуге үлес қосқаны туралы куәлікті тапсыру және сертификаттау салтанаты AKGÜN Plaza қонақ үйінің Ахмет Акгюн атындағы коференц-залында болып өтті.

Инновацияларды бүкіләлемдік деңгейде қолдап келе жатқан «AKGÜN» компаниялар тобы өз елінде инноватор болып табылады және «Экономика саласында жарқ етуге арналған ақпарат» тақырыбындағы марапаттау салтанатында өз қызметкерлеріне аутсорсингтік дайындық сертификаттарын табыстады, аталған салтанатты шараға ұлттық және халықаралық компания өкілдері мен «AKGÜN» компаниясының барлық қызметкерлері шақырылды.

Қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызған марапаттау салтанаты AKGÜN компаниялар тобының Басқарма төрағасы Темель Акгюннің кіріспе сөзімен басталды. Бас директордың орынбасары, ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығының үйлестірушісі, сату және маркетинг жөніндегі үйлестіруші сөз сөйлеген марапаттау шарасында сертификаттар мен жалаушалар табыс етілді.

Темель Акгюн : Ақпараттық индустрия лигасын «AKGÜN» компаниясы өнімдері мен үрдістерінің төңкерісі анықтайды“

Марапаттау шарасында кірісп сөзді сөйлеген AKGÜN компаниялар тобының төрағасы Темель Акгюн, өз сөзінде ақпараттық технологиялардың экономикалық және әлеуметтік салаға деген ықпалы арта түскенін және бүгінгі әрі келешектегі күшті экономиканы анықтауда ең тиімді қару болғандығын баса айтты. АКГЮН мырза өз сөзін келесідей жалғастырды: «29 жыл бойы денсаулық сақтау саласында түбегейлі өзгерістерді жасап келе жатқан біздің компаниямыз қазіргі таңда Түркияның мемлекеттік және денсаулық сақтау мекемелеріне қызмет көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда науқас туралы ақпарат жаһандық маңызға ие бола алады. Біздің жаһандық мақсатымыз – адам өмірін жеңілдетіп, бірегей жобаларды жасау. Біз өазіргі таңда өзіміз Ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығында жұмыс істеп жатқан жобалардың ішінен Өкпенің рентгенографиясы бойынша компьютерлік көмек көрсету жобасы арқылы медициналық қызметтерді көрсетуде айрықша жаңалық ашып та қойдық. Бұл жоба қатерлі ісікті байқамай қалудың алдын алу үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Өкпенің компьютерлік диагностикасы деп аталатын Ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығының бұл жобасы дәрігерлер мен рентгенологтардың байқалмай қалған түйіндер мен тығыздалуларға деген назарын аудара отырып, қатерлі ісікті соңғы сатысында анықтаудың алдын алады, қатерлі ісікті бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жоба қатерлі ісікті байқамай қалудың алдын алу үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Тағы бір жоба – DICOM-мен бірлесе отырып әзірленген «Сүт бездері қатерлі ісігі шешімін қабылдауды қолдау» жобасы сүт бездерінің қатерлі ісігін байқамай қалудың алдын алады, оны бастапқы сатысында анықтай отырып, адамның өмір сүру кезеңін ұзартады.   Бұл жобаның әзірлемесі аяқталды және жақын уақытта нарыққа шығарылатын болады. Біздің компаниямызда халықаралық деігейдегі бәсекеге қабілеттілік, физикалық орындар, даму саясаты мен қызметкерлердің біліктілігін қамтитын стандарттар бар.   

Біздің компаниямыз бүкіл әлемге танымал брендке айналған еліміздің медициналық ақпараттық компаниясы болып табылады.

Төраға мен басқа да баяндамашылардың сөзінен кейін AKGÜN компаниялар тобының Басқарма төрағасы Темелб Акгюн құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне AKGÜN компаниялар тобына қосқан үлесі үшін «Қызмет көрсету саласындағы табысты еңбегі үшін» жалаушаларын табыстады, ал ішкі, сонымен қатар сыртқы білім беру бағдарламаларын табысты аяқтаған  AKGÜN компаниясы қызметкерлеріне сертификаттар берілді.

 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020