Еуропадағы РРР (мемлекеттік жеке серіктестік) саласындағы үздік сыйлықты алған Адана қалалық ауруханасының технологиялық инфрақұрылымын «AKGÜN» компаниясы басқаратын болады…
Шыгару тарихы: 20.09.2017 | Сонғы жанарту күні: 18.05.2018

Түркияның денсаулық сақтау саласындағы ең ірі жоба болып саналатын «Денсаулық сақтаудағы түрлендіру бағдарламалары» аясында жүзеге асырылған Адана қалалық ауруханасы 1300 орындық негізгі ауруханадан, 150 орынға арналған физиотерапия және оңалту ауруханасынан, 100 орындық жоғары деңгейде сенімді сот-психиатриялық аруханасынан тұрады. Шамамен 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейтін 57 ота жасау бөлмесі, 330 амбулатория бөлмесі, 180 интенсивті терапия бөлімшелері, 35 жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия бөлімшелері бар аурухана күніне 16 000 науқасқа үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде.

2015 жылдың наурыз айында басталған Адана қалалық ауруханасының құрылысы науқастарды толыққанды қабылдауды 2017 жылдың 18 қыркүйегінен бастаған болатын. Ауруханада күніне 16 000-нан астам науқасқа медициналық қызмет көрсетіледі.

«AKGÜN» компаниясының салалық тәжірибесі қалалық ауруханалардың құндылығын арттыра түседі…

Бүгінгі таңға дейін «AKGÜN» компаниясы бағдарламалық шешімдермен қатар, біріктірілген медициналық ғимараттары бар ақпараттық технологиялардың біріктіру арқылы көптеген мекемелердің мемлекеттік және жеке сектордан, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникациялар саласында сандық трансформациясына белсенді түрде қатысқан.  

«AKGÜN» компаниясы Йозгат және Испарта қалалық ауруханаларына аурухананы басқаруға арналған бағдарламалық жасақтаманы ұсына отырып, Адана қалалық ауруханасына да аурухананы басқаруға арналған баңдарламалық қамсыздандыруды ұсынатын болады.

«AKGÜN Yazılım» компаниясы ретінде біз  өзіміздің шынайы әлем үшін өмірлік маңызға ие технологияларымызбен осы жобаға қатысамыз. Біз салып жатқан инфрақұрылымның арқасында ауруханалар, алдағы уақытта, сандық сәйкестілікке қол жеткізеді. Ауруханаларда жүргізілетін осындай сандық нысанға көшіру барысында науқастың денсаулығы туралы барлық ақпараттар дүрыс әрі толық жазыла алады және оны бір ғана тетікті басу арқылы алуға болады.  Осылайша, науқастарға диагноз қою және оларды емдеу үрдісі жеделдеуімен қатар, медициналық қызметкерлердің өмірі біршама жеңілдей түседі.

«AKGÜN» компаниясы Адана қалалық ауруханасының жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін HBYS жүйесі қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық бағдарламалық жасақтамаларды жинақтады. Ол мәліметтерді өңдеу орталығы бар аппараттық, желілік және басқа да инфрақұрылымдарды біріктіру қажеттігін, бұл аталған бағдарламалық жасақтама үшін қажетті болып табылатынын үғынды. Денсаулық сақтау саласының бірегей қажеттіліктеріне жауап бере алатын шешімдерді ұсына отырып, «AKGÜN» компаниясы біріктірілген медициналық корпустардың бірегей қажеттіліктеріне нақты жауап бере алатын қосымшаларды ұсынады. «Бір корпуста бірнеше ,имараттың қызмет көрсетуі», «стандартты ауруханаларға қарағанда көптеген субкомпоненттер мен жабдықтарды басқару», «науқастар санының көптігі себепті толық ауруханалық ақпараттық жүйеге деген қажеттілік» сияқты маңызды рөлдерге қойылатын талаптарды арнайы әзірлеген «AKGÜN» компаниясы көптеген бірлескен жүйелердің үздіксіз жұмыс істейтініне кепілдік береді.

Адана қалалық ауруханасының ең үздік тұстары…

– Аурухана дүние жүзіне танылған жаһандық инфрақұрылым мен Infrastructure Journal Global жобаларын қаржыландыруға арналған платформа тарапынан 2014 жылы «Еуропадағы мемлекеттік жеке серіктестіктің үздік жобасы» сыйлығымен марапатталған.

– 2015 жылы Partnerships Awards тарапынан «Денсаулық сақтау саласындағы үздік мемлекеттік жеке серіктестік серіктестік жобасымен» марапатталған.

– Еуропадағы, Таяу Шығыс пен Африкадағы жетекші қаржылық басылымдардың бірі болып табылатын EMEA Finance тарапынан 2015 жылы «Қаржылық жетістіктер саласындағы жетістіктері» сыйлығымен марапатталған.

– 1.512 жер сілкінісі кезіндегі оқшаулау орнының болуы үшін ENR халықаралық құрылыс журналы аурухананы дүние жүзі бойынша жер сілкінісінен оқшауланған ірі аурухана деп жариялаған.

 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020