Инновацияларды жасап шығаратын «AKGÜN Yazılım» компаниясы жеке сектордағы Ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарының 4-ші Саммитінде өзінің ең жаңа технологиялық жобаларымен таныстырды…
Шыгару тарихы: 22.10.2015 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

Жеке сектордағы Ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарының Төртінші Саммиті 2015 жылдың 14 қазанында, сәрсенбі күні Sheraton Ankara Hotel & Convention Centre қонақ үйінде болып өтті.

Анкара қаласындағы SheratonHotel қонақ үйінде 2015 жылдың 14 қазанында Ғылым мен технологиялар министрі Фикры Ышыктың қатысуымен болып өткен көрмеде қатысушы компаниялар ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталықтары бойынша атқарылатын маңызды жұмыстарының прототипімен бөлісті. Өзінің инновациялық жобалары және жұмыстарымен «AKGÜN Yazılım» компаниясы өзін нықтап таныстыра алған және көрмеде үлкен қызығушылық туғыза алған компаниялардың бірі болды.

Жалпы саны 70 компания мен ғылыми зерттемелер және әзірлемелер орталықтары өз стендтерін құрған бұл көрмеде «AKGÜN Yazılım» компаниясы тарапынан ұсынылған жаңашылдықтарарасында «Ерте диагностикалау ғажайыбы» деген атқа ие болған Өкпенің рентген кескіні бойынша ертерек диагноз қою жобасы мен DICOM-мен бірлесе әзірленген Сүт бездері қатерлі ісігі шешімін қабылдауды қолдау жүйесі жобасы жүлделі орындар алды.

Сектор көшбасшысы «AKGÜN» компаниясының Өкпенің рентген кескіні бойынша ертерек диагноз қою жобасы мен DICOM-мен бірлесе әзірленген Сүт бездері қатерлі ісігі шешімін қабылдауды қолдау жүйесі жобасы ұзақ уақыт бойы зерттеуден өткендіктен және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстардың арқасында қатерлі ісік ауруларын байқамай қалудың алдын алады және қатерлі ісіктің бастапқы сатысын анықтай отырып, өмірлік кезеңді ұзартады.

Алдыңғы қатарлы технологияларды өндіретін Ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығы

AKGÜN ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығы жалпы ауданы 6000 м2 аумақта салынған және көптеген салаларға арналған алдыңғы қатарлы технологияларды өндіреді.


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020