Компьютерлік секторда жаңалықтарды жүзеге асыратын «AKGÜN» компаниясы болашаққа жасанды интеллектпен жол бастауды жалғастыра түспек…
Шыгару тарихы: 06.10.2016 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

Технология көшбасшысы «AKGÜN» компаниясы ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарының 5-ші саммитінде Өндіріс 4.0 үшін әзірленген жасанды интеллект қосымшасын ұсынады.

Түркия Республикасы Ғылым, өндіріс және технологиялар министрлігінің Ғылым және технологиялар бас басқармасы тарапынан өткізілген ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарының 5-ші саммиті 27-28 қыркүйек күндері АТО Халықаралық көрме орталығының «Congresium Ankara» конференц-залында болып өтті.

Саммиттен бұрын Президент кешенінде марапаттау салтанаты болып өтті, оған Түркия Республикасының ғылым, өндірісі және технологиялар министрі, доктор Фарук Озлу, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Ғылым, өндіріс және технологиялар министрлігінің ғылым және технологиялар жөніндегі бас директоры доктор Илькер Мурат Ар, AKGÜN  Group Басқарма кеңесінің төрағасы Темель Акгюн мен көптеген қонақтар қатысты.

Президент кешенінің Бештепе конгресс-орталығында өткен жеке сектордағы Зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарының 5-ші саммитінде министр Озлу сөз алып, технологиялардағы өзгерістер мен тұтынушылардың талаптары – бір жағынан, қауіп-қатер болса, екінші жағынан мүмкіндік болып табылатынын, бұл өзгеретін қатысушылар үшін мүмкіндікті білдірсе, өзгере алмайтындар үшін қауіп-қатерді білдіретінін мәлімдеді. Жалпы экспорт көлеміндегі жоғары технологиялық өнімдердің үлесін 4 пайыздан 15 пайызға дейін арттыруға бағытталғанын айтып өткен Озлу  әр бір сектордың 4-ші өндірістік революцияға дайын болуы тиіс екенін атап өтті.

Марапаттау салтанатынан кейін қонақтардың барлығы саммиттің ашылуына қатысу үшін АТО Халықаралық көрме орталығына ауысты. Саммитті ашып берген доктор Озлу Зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарының, әсіресе, AKGÜN Group компаниясының өнімдері қойылған қабырға стендтерімен танысып шығып, команияның өкілдерінен қажетті ақпараттарды алды.

Денсаулық сақтау саласы ақпаратнамасы секторында жұмыс істейтін компаниялар арасында алғашқы әрі жалғыз ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығы болып табылатын «AKGÜN» компаниялар тобы Түркия Республикасының Ғылым, өндіріс және технологиялар министрлігінің үйлестіруімен өткізілген жеке сектордағы зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарының 5-ші саммитіне үкіметтің төрағалығымен ««AKGÜN» компаниясының жасанды интеллектін қолдану арқылы өзіңе 4,0 Өндірісін аш» ұранымен қатысты.

Түркия Республикасының Ғылым, өндіріс және технологиялар министрі доктор Фарук Озлумен бірге көптеген өкілетті тұлғалар  AKGÜN» компаниясының көрмелік стендін қарап шығып, Өкпе рентгенографиясы барысында компьютерлік диагноз қою, Маммографиялық кескіндерге компьютерлік диагноз қою секілді қосымшалар туралы және AKGÜNNdlLocater қолтаңбасымен денсаулық сақтау саласындағы төңкеріс болып саналатын «AKGÜN» жасанды интеллект өнімін қолдану туралы ақпараттарды алды.

Өндіріс 4.0 қосымшасымен жасанды интеллект бағдарламаларын біріктіру арқылы өзінің барлық өндірісінде, экспорттауға арналған өндірісті қоса алғанда, «Біз болмасақ, енді кім?» технологиялық саясатын ұстанатын «AKGÜN» компаниясы барлық сатылымдар бойынша технологияларды арттыруды, тиісінше, қосымша құнның артуын жоспарлап отыр. «AKGÜN» компаниясында әзірленген өзіндік өнмдер мен жаңару жобаларына қосымша Ғылыми-зерттеу орталығында өнімдерді әзірлеу, ғылыми-техникалық әзірлемелерді дайындау, инновациялық үрдістер, ұйымдастырушылық инновациялар мен тұжырымдамалық зерттеулерді қоса алғанда әр алуан жобалар жүзеге асырылуда.

Түркия-2023 даму бағдарламасы аясында «AKGÜN» компаниясы жаңа жобалар мен халықаралық серіктестік жоспарлары қамтылған бизнес-портфельді кеңейтуді қаржыландыруын жалғастырып келеді.

Денсаулық сақтау секторында жұмыс істейтін компаниялардың ішінде алғашқы зерттемелер мен әзірлемелер орталығы болып табылатын, Ғылым, өндіріс және технологиялар министрлігінде 2011 жылы тіркелген «AKGÜN»  компаниясының зерттемелер және әзірлемелер орталығында 510-нан астам қызметкер жұмыс істейді. 

Ерте диагностикалау және денсаулық профилактикасы шараларының арқасында біздің компаниямыз отандық және шетелдік аренада жаңашылдықтарды жүзеге асыруда; «AKGÜN X-Eye: Thorax» өкпенің рентгендік кескінін компьютерлік диагностикалау, DICOM бірлескен «AKGÜN X-Eye: Mammo» сүт бездері қатерлі ісігі диагнозын қоюда шешім қабылдауды қолдау жүйесі, ”AKGÜN KnVision”, AKGÜN MobileANKA «Көлденең тігісті отадан кейінгі кератоконус науқасын диагностикалау және көздің мүйізгек қабығының үшөлшемді модельденуі» сияқты жасанды интеллект қосымшалары әлемдегі алдыңғы қатарлы мобильді технологиялармен бірге корпоративті мәліметтер мүмкіндігін біріктіреді және жаһандық қажеттіліктерге жаап бере отырып, оларға ерекшелік үстейді.

 

Өндіріс 4,0 қосымшасына арналған «AKGÜN» компаниясының жасанды интеллект өнімі

AKGÜN KnVision

«Көлденең тігісті отадан кейінгі кератоконус науқасын диагностикалау және көздің мүйізгек қабығының үшөлшемді модельденуі» тәсілі арқылы AKGÜN KnVision-мен бірге кератоконус науқасын диагностикалау үшін статистикалық талдау түріндегі жаңа саралау тәсілі әзірленді. Кератоконус науқасы дегеніміз – көздің мүйізгек қабығының ұшталуы, алдыңғы жанарда көз ұясының кішіреюі және көздің мүйізгек қабығының жұқаруымен сипатталатын коллаген тінінің үдемелі ауруы. Аталған ауруды алдын ала диагностикалау мен ауру аумағына орай емдеу аса маңызды болып табылады. «Көлденең тігісті отадан кейінгі кератоконус науқасын диагностикалау және көздің мүйізгек қабығының үшөлшемді модельденуі» жүйесі диагностикалау және емдеу үрдісі барысында көз ауруы туралы шешімдерді  қабылдау үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

AKGÜN KnVision-мен бірге ота жасалғаннан кейінгі көздің мүйізгек қабығының жай-күйін бақылауға болады. Осылайша, емдеу тәсілінің нақ осы көздің мүйізгек қабығына сәйкес келіп-келмейтінін болжай отырып, дұрыс емдеу тәсілін таңдап алуға болады.

Ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығында жасап шығарылған біздің AKGÜN KnVision өніміміз университетте алынған білімнің өнімді шығаруға жұмсалу мүмкіндігін береді және кератоконус ауруын емдеу үрдісі жылдамдайды, қызмет көрсету сапасы артады.

 

AKGÜN X-Eye: Mammo

AKGÜN X-Eye Mammo маркалы сүт безінің қатерлі ісігі мәселелерін шешу жүйесінің маммографиялық кескіндерінде әзірленген жасанды интеллект негізінде математикалық және статистикалық талдау жүргізу тәсілдері арқылы  жасалған тағы бір жаңашылдықты жүзеге асырған біздің компаниямыз радиологтар үшін көрінбейтін аумақтар мен орналасу орындарын анықтайды, сол арқылы сүт безі қатерлі ісігін ертереу анықтаудағы өз секторын тағы бір қадам алға жылжытады.

Денсаулық сақтау саласындағы күшті әрі инновациялық жобаларды басқаратын «AKGÜN» компаниясы осы өнімі арқылы айтарлықтай айырмашылық көрсетуді жалғастырып келеді және маммографиялық кескіндерде қанның ұйысуы мен кальсификация байқалған кездерде, қатерсіздік / қатерлілік тұрғысынан тиісті ауытқушылықтарды бағалауға деген жаңа тәсілдерді жасайды.

Сүт безінің қатерлі ісігі, сондай-ақ, барлық қатерлі ісік жағдайларында ертерек диагноз қою аса маңызды болып табылады. Қатерлі ісіктің бастапқы және аумақтық сатыларында оның тірі қалу жиілігі 98%-ды құрайды.

Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінің көмегімен Түркияда жаңашылдықты жүзеге асырған біздің компаниямыз радиграфияның қуаттылығы мен компьютерлердің қуаттылығының үйлесімділігі болған жағдайда, сүт безі қатерлі ісігінің ертерек анықталуы жылдамдығын арттырады.

 

AKGÜN X-EYE TORAKS компьютерлік диагностикасы дегеніміз не?

Біз өкпенің радиациялық-интенсивті рентген кескінінде көрінбей қалуы мүмкін болып табылатын ауытқушылықтарды анықтау жүйесін жасай отырып, қатерлі ісіктің ықтимал жағдайларын анықтау арқылы медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға тырыстық, сонымен қатар, дұрыс диагноз қоюға септігін тигізетін және баламалы шешім қабылдауды қамтамасыз ететін компьютердің көмегімен конкрецияны анықтауға тырыстық.

Біздің халықаралық тұрғыдан мойындалған кескіндерді талдау мен өңдеу әдістерін және  жасанды интеллект жасанды тәсілдерін қолдана отырып, біз түсініксіз аумақтар мен патологияларды анықтайтын өкпенің қатерлі ісігін ертерек анықтауға қатысты өз арманымызды іске асырдық.

Жүйенің басымдықтары қандай?

  • Өкпенің қатерлі ісігі диагнозын ертерек қоюды қамтамасыз ету,
  • Радиологтардың байқамай қалуы мүмкін болатын ауытқушылықтарды анықтау,
  • Кескіндердегі жалған диагностика көрсеткішінің азаюы мен дұрыс диагноз қою деңгейінің артуы,
  • Өкпенің рентген кескіндерінде қатерлі ісіктің диагнозын нақтылауға көмектесу,
  • Компьютерді қолдану арқылы диагноз қою үрдісін жылдамдату,
  • Уақыт өте келе артып жатқан талаптарға қарамастан, радиологтардың жұмыс жүктемесін қысқарту.

Біздің компаниямыз тарапынан әзірленген бұл жүйе өкпедегі түйіндерді анықтауға және нәтижесінде қатерлі ісікті бастапқы сатысында анықтауға деген үлкен мүмкіндік береді.

AKGÜN MobileANKA

Білім мен сапаның халықаралық сатндарттарын қолдана отырып, біздің компаниямыз нарыққа өзінің жаһандық көлемде қабылданған AKGÜN MobileANKA қосымшасын ұсынды.

AKGÜN MobileANKA қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыратын және құрылғылар мен жабдықтарды тиімдірек басқаруды қамтамасыз ететін функцияларды ұсынады. Осы қосымшаның арқасында сіз барлық ағымдық үрдістерді мобильді ортада қарай аласыз.


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020