ОТАНДЫҚ және ҰЛТТЫҚ
Шыгару тарихы: 02.03.2018 | Сонғы жанарту күні: 17.05.2018

Біздің өнімдеріміз «Отандық өнім» сертификатымен тіркелген.

Ақпараттық секторда сапалы қызмет көрсетудің, сондай-ақ, елімізде және шетелдерде қызмет көрсету сапасын жақсарты мен тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыру жолында жаңа құндылықтарды жасаудың бірден-бір символы ретінде 1986 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан AKGÜN бір мезгілде 400-ден астам корпоративтік клиентке қызмет көрсетеді.

Түркияда да, халықаралық деңгейде де көптеген жаңалықтарды ұсынып келе жатқан AKGÜN Group осы секторда жұмыс істейтін компаниялардың арасында бірінші болып қадам жасай отырып, «Отандық өнім» сертификатын алды.  Өз тұтынушыларының күткен үміттеріне алдын ала сәйкес бола алу үшін және олардың үміттерін жоғары деңгейде қанағаттандыру үшін сапа стандарттарымен әлемдік деңгейде жұмыс істейтін және жоғары технологиялық шешімдерді ұсына отырып, өз тұтынушыларының құндылықтарын арттыра түсетін AKGÜN Group компаниясының 100% пайыздық деңгейде «Отандық өнім» сертификатына қол жеткізген терең тарихы бар.

AKGÜN Group компаниясы сияқты, біз де «Отандық өнім» сертификатына иеміз, бұл біздің тұтынушыларымызға көптеген басымдықтар берумен қатар, тұтынушыларымыздың дәл бізді таңдауының бірден-бір себебі болып табылады. Аталған сертификат біздің өнімдеріміздің де отандық өнім екендігін білдіреді. Адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі мен жалпы ішкі өнімді арттыру арқылы еліміздің эконмикасына елеулі үлес қосып келе жатқан біздің компаниямыз өз өндірісінде отандық өнімдерді қолданады.

Біздің құрметті тұтынушыларымыз өз бизнесін жақсарту үшін және ел экономикасына елеулі үлес қосу үшін отандық өнімдерді қолдану басымдықтарын пайдалана алады.

Стандарттауды өз жетістіктерінің ажырамас бөлігі ретінде ескере отырып, AKGÜN компаниясы РМІ жобаларын басқару әдістемесіне сәйкес жұмыс істейді және CMMI Level 3, Нысандарды ұлттық жасырын қорғау, ISO 27001, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі, ISO 13485 медициналық құрылғыларды басқару жүйесі секілді басқа да ISO және OHSAS құжаттары негізінде әрекет етеді. Өзіндегі сертификаттар мен құжаттарға қосымша «Отандық өнім» сертификатын алуы қызмет көрсету сапасын ең жоғарғы деңгейге дейін көтерді.

«Отандық өнім» сертификаты дегеніміз не?

«Отандық өнім» сертификаты – бұл өндірістік кәсіпорындардың есебі мен қуаттылық есептерін ескере отырып, Түркия Палаталар мен Биржалар Қауымдастығына қарайтын палаталар мен биржалардың отандық өндірушілеріне ғана берілетін және түрік өніміне жататын тиісті өнім екендігін білдіретін құжат.

«Отандық өнім» сертификатына қатысты хабарламалар 13 қыркүйек 2014 жылғы №29118 санды Ресми Хабаршыда Ғылым, өндіріс және технологиялар министрлігі тарапынан жарияланғаннан кейін күшіне енген. Аталған хабарламаны қолдану қағидалары Түркия Палаталар және Биржалар Қауымдастығы директорлар кеңесінің мақұлдауымен 2014 жылдың 5 қарашасында күшіне енген болатын. Бұл құжатты реттеу және өнімді тексеру Түркия Республикасының Ғылым, өндіріс және технологиялар министрлігі тарапынан жүзеге асырылады. Отандық өндіріс туралы құжаттарды беру шарттары отадық тауарлар сертификатына өтінім беруге мүдделі мекемелерде орналасқан палаталар тарапынан бақыланады. Түркия Палаталар және Биржаар қаымдастығы ары қарайғы қызметті қамтамасыз ету және «Отандық өнім» сертификатын алған мекемелердің алаяқтық жасауының алдын алу мақсатында автоматтандыру жүйесін іске қосқан, сонымен бірге жинақталған құжаттар алты айлық кезең аралығында тиісті министрлікке жолданады.

«Отандық өнім» сертификаты мен оның мәні.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар тарапынан ашылған тендерлерге, әскери тендерлерге қатысу шарттарының бірі компанияда «Отандық өнім» сертификатының болуы болып табылады. «Made in Turkey» маркасының растығы шын мәнінде «Отандық өнім» сертификаты болғанда ғана дәлелдене алатыны белгілі.


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020