Әлемдік деңгейде жаңашыл технологиялық шешімдерді өндіріп, оларды қолданатын «AKGÜN» компаниясы бұлтты технологиялардың жаңа буынын қолдана отырып жаһандық әлемге өзгерістер енгізуді жалғастыруда…
Шыгару тарихы: 01.02.2017 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

«AKGÜN» компаниясынан ұсынылатын жаңа бұлтты жүйелер…

«AKGÜN» компаниясынан ұсынылған жаңа дәуір: бұлттар арасындағы бизнестің табыстылығы мен үздіксіздігі …

Жаңа нәсілдің технологиясы бұлттар ішінде …

Хостингке деген қабілеттілік едәуір қиын мәселелерді туындатады, өйткені қолданушылар күн өткен сайын заманауи технологиялардың қолданыстағы құрылғыларында мейлінше көбірек мәліметтерді сақтағысы келеді. Сонымен қатар, құрылғылардың сипаттамалары да өзгеріп, олардың қуаттылықтары арта түсуде.  Технологияның өсуіне және компьютерлердің, ноутбуктердің, нетбуктердің және портативті смарт-құрылғылардың мүмкіндіктеріне сәйкес олардың бағалары да өсіп отырады. Аталған осы мәселелердің барлығының шешімі ретінде пайда болған Cloud Technology бағдарламалық қосымша ретінде танылады, оған Ғаламтор арқылы кіруге болады, онда мәліметтерді сақтау қызметі мен транзакция жасау мүмкіндігі қарастырылған. Талап етілген жерден сұралатын кез келген ақпарат, тіпті ең төменгі сыйымдылықтың өзінде, дербес мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы операциялардың барлығы үшін сандық нысанды желі арқылы көпсерверлі қосылыс орындалады. «AKGÜN» компаниясының бұлтты технологияларының негізгі үш блогы мыналар: SaaS (Software as a Service) – бағдарламалық жасақтаманы қызмет ретінде ұсыну; PaaS (Platform as a Service) – платформаға қызмет көрсету; және IaaS (Infrastructure as a Service) – сервистік инфрақұрылым. «AKGÜN» компаниясы дербес компьютерлерге түсетін жүктемені азайту мақсатында бұлтты технологияны қолданады, а қосымшалардың бірқатары бұлтты сервер тарапынан ұсынылады. Әдетте, қолданушылар өз компьютерлерін артық жүктеп, қосымшаларды орнатқылары келмейді. Барлық операциялар мен сақтау шаралары бұлтты жүйе тарапынан қамтамасыз етіледі. Ғаламторда бар барлық қосымшалар, бағдарламалар мен мәліметтер көбіне-көп Бұлт деп аталатын виртуалды құрылғыда сақтала алады, ғаламторға қосылған кез келген құрылғы арқылы кез келген жерде осы ақпараттарға, бағдарламалар мен мәліметтерге қол жеткізуге болады.

«AKGÜN» компаниясының бұлтты технологиялары келесі басымдықтарға ие:

 

  • Бұлтты есептеу жүйелері жылдам жұмыс істеуге арналған API қамтамасыз етеді,
  • Сақтауға арналған орынның көптігі, мәліметтерде жолдау жылдамдығының жоғарылығы, резервті көшірмеге бөлінетін шығындарды үнемдеу сияқты бірқатар мүмкіндіктерді ұсынады,
  • Құзыреттілік және қолданушылардың ары қарайғы әрекеттері сияқты субъектілер тарапынан жасалған инфрақұрылымның күрделілігі және тұрақты түрде өсіп отыратын мәліметтер қорын мұрағаттандыру,
  • Бұлтты технология веб-браузерлер арқылы жұмыс істейтін болғандықтан, ол, сондай-ақ, компьютерледің, планшеттердің, смартфондардың және смарт-теледидарлардың көмегімен платформаға деген тәуелділіктен қорғайды,
  • Бұлтты бағдарламалық жасақтама қызметтерін көрсететін компаниялардың мәліметтері сақталатын серверлер негізгі компьютерлерге қарағанда қауіпсіздеу болады, өйткені олар бағдарламалық және аппараттық жасақтамада қауіпсіздік шараларын тәулігіне 24 сағат бойына қолданады.

«AKGÜN Cloud» қолданушыға шексіз басымдықтар ұсынады. Бұлтты технологияларға өту кезінде басымдықтар уақытқа, құнына, жұмыс күшіне, басқа да себептерге сүйенеді. «AKGÜN» компаниясы Бұлтта көптеген шешімдер мен мүмкіндіктерді бекіте бастады, қазіргі таңда оларды шынайы түрде ұсынып отыр. Қашықтықтан резервтік көшірме ретінде, бұлтты ортадағы инфрақұрылымның мүмкіндіктері деп есептеуімізге болатын порталды қосымшаларды, бизнес-талдама есептерін, мобильді қосымшаларды, ауруханаларға арналған қосымшаларды, апатты жағдайда қайта қалпына келтір мен кез келген бұлтты сервисті ұсына аламыз.  AKGÜN Cloud бизнестің иілімділігін түрлендіре отырып, шығындарды азайта отырып, ақпараттық технологиялардың күрделілігін азайта отырып, ұйымдардың инновацияларды жақсартуына және бизнестерін түрлендіруіне көмектеседі.

«AKGÜN» компаниясы Oracle-мен серіктестігінің арқасында өзінің бұлтты стандарттарға сәйкес келетінін нығайта түсті және өзінің бұлтты өнімдерін  Oracle Cloud Marketplace-те ұсынды

 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020