«AKGÜN» компаниясының зерттемелер және әзірлемелер орталықтарының өнімділігі индексіндегі көтерілуі жалғасын табуда…
Шыгару тарихы: 09.11.2016 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

2015 жылы Түркия Республикасының Ғылым, өндіріс және технологиялар министрлігінің тарапынан ұсынылған Зерттемелер және әзірлемелер орталықтарының Өнімділік индексі жарияланы, аталған индекс «Зерттемелер және әзірлемелер орталығы қызметкерлерінің жұмыспен қамтылуы», «Зерттемелер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындардың жиілігі», «Жобаның көлемі», «Серіктестік пен өзара әрекеттестік», «Коммерциаландыру» және «Зияткерлік меншік бойынша құзыреттілік» деп аталатын алты тарау бойынша 2015 жылдың мәліметтері қолданылған.

2015 жылғы Зерттемелер мен әзірлемер орталықтарының Өнімділік индексін зерттеуде 127 зерттемелер мен әзірлемелер орталықтары қамтылған. Егер де, салалық сап түзеу тұрғысынан салып қарасақ, Akgün Bilgisayar Prog. ve Tic. Hiz. Ltd. Şti. компьютерлік және коммуникациялық қызметтер секторы саласында 5-ші орынға ие болды. 2015 жылғы индекс көрсеткіштеріне қатысты болса, алдыңғы жылмен салыстырғанда өскендігін көрсетеді.

Біз жетістігіміздің алдағы кезеңдерде де тұрақты болуы үшін және оны өнімділік индексінің жалпы рейтингі бойынша ең жоғарғы деңгейіне жеткізу үшін өзіміздің сапалы, инновациялық және технологиялық қызметімізге инновацияларды қосуға тырысамыз.

«AKGÜN» компаниясы өнімдеріне деген қызығушылықтың нарықта  қарқынды түрде артуы да оның өсіп келе жатқанын білдіреді. Әрине, бұл дегеніміз –  айтарлықтай әсерлі нәтиже.

Зерттемелер мен әзірлемелер орталықтары дегеніміз – бүгінгі таңда еліміз үшін мейлінше керекті институттар және олар болашақ өсу мен дамудың негізі болады.

Біздің әл-ауқатымыз бен экономикамыздың тұрақты түрде өсуін қамтамасыз ету үшін бізге күшті, әлеуетті Зерттемелер мен әзірлемелер орталықтары қажет. Бұл тұрғыда бюджетіміздің елеулі бөлігі Зерттемелер мен әзірлемелер орталығына бөлінеді.

 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020