«AKGÜN» компаниясы бағындырған шыңын берер емес…
Шыгару тарихы: 13.12.2017 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

BThaber Түркиядағы 500 ақпараттық технологиялар компаниясын анықтауға бағытталған өз зерттеуінің нәтижелерін хабарлады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы 500 ірі компанияның атаулары жарияланған іс-шарада осы салада жұмыс істейтін компаниялардың басында тағы да «AKGÜN» компаниясы орын алды.

Түркиядағы 500 ірі ақпараттық технологиялар компаниялары арасында жүргізілетін бірыңғай кешенді зерттеу биыл 18-ші рет жүргізілді. BThaber компаниялар тобының атынан M2S зерттеу және маркетингтік қызметтер компаниясы алғашқы 500 зерттеуші компанияны зерттеп, нәтижесінде Түркиядағы 500 ірі ақпараттық компания жарияланған болатын.

Мемлекеттік емес ұйымдардың төрағаларының, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың, баспасөз өкілдерінің, сондай-ақ, ақпараттық сектор менеджерлерінің қатысуымен өткен іс-шара BThaber компаниялар тобының төрағасы Мұрат Гёченің кіріспе сөзімен басталды. Ол өз сөзінде осы зерттеуді жүргізу үшін ақпараттық секторда жұмыс істейтін 1000-нан астам компанияның өз мәліметтерімен бөліскендігін айта келе, алынған нәтижелердің мемлекеттік сектордың тиісті бөлімдері үшін, сондай-ақ, ақпараттық секторда жұмыс істейтін компаниялар үшін өте сенімді екендігін айрықша атап өтті. «Жылдағыдай, бұл жылы да Түркияның ақпараттық технологиялар секторы бағытына және олардың көзқарастарына сәйкес келетін ұранды таңдауға баса назар аударылады» – деген Гёче өз сөзін ары қарай былай жалғастырды: «Ақпараттық технологиялармен бірге біз әр бір инновацияның, тиімділік пен пайдалылықтың әр компанияда да мықты, күшті екендігін көріп отырмыз, міне, өткен жылы «Ақпараттық технологиялар іскерлік әлемінде де қалыптасуда» деген ұранды  анықтауымыздың бірден-бір себебі де осы еді». Bilişim зерттеу жұмыстары арқылы біз жыл сайын инновациялардың ендіріп отырамыз. Біздің зерттеулеріміздің ұранымен қатар, биыл ақпараттық орталықтар бүкіл Түркия бойынша таралып, түрлі деңгейдегі компаниялармен рухтанды, осылайша ең соңғы жаңалықтар ендірілді. Біз бұл қадамды ақпараттық технологияларға ұмтылатын Түркия үшін жасадық, сондықтан да біз өзіміздің үлкен маңызға ие жаңа санатты ендірдік деп санаймыз» деді ол.

 Түркияда 18-ші рет жүргізіліп отырған Bilişim 500 ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығына берілетін инвестициялар санатында «AKGÜN» компаниясынан ешкім озып шыға алған жоқ.   

AKGÜN компаниялар тобы сияқты біз де Bilişim 500 зерттеулерінде жыл сайын өсіп келеміз. Түркияның ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жетекші компаниясы болып табылатын «AKGÜN» ақпараттық технологиялар саласындағы мейлінше жан-жақты зерттеу ретінде қабылданатын Bilişim 500 18-ші жетекші зерттеуінің қорытындысына сәйкес ақпараттық технологиялар, Түркияда орталықтандырылған өндіріс/жабдықтар/бағдарламалық жасақтама, салалық бағдарламалық жасақтама табыстары, бағдарламалық жасақтама өндірушілерінің салалық болжамдары, зерттемелер және әзірлемелер орталықтарына берілетін инвестициялық науқандар деп талатын 8 санат бойынша марапатқа ие болды.

Көптеген жылдар бойы «AKGÜN» компаниясы өз елімізде де, дүние жүзі бойынша да, көптеген табысты өнімдер мен шешімдерді әзірлеп келеді, денсалық сақтау және білім беру, жергілікті өзін-өзі басқару, қорғаныс, телекоммуникациялар, мемлекеттік және жке секторлар салаларында ірі көлемді бағдарламалық және аппараттық жобаларды жүзеге асырады, Түркияның әрбір бөлігіндегі тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өнімдер мен қызметтерді, жаңа технологияларды ұсынуға басымдық береді.


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020