HIMSS Түркия 2016 бойынша денсаулық сақтау саласында сандық нысанға көшіру үрдісінде жаһандық күшке айналған «AKGÜN» компаниясы…
Шыгару тарихы: 06.06.2016 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

Түркия HIMSS 2016, EMRAM оқу конференциясы мен көрмесі 26-27 мамыр күндері Ыстамбұл қаласындағы Pendik Green Park қонақ үйінде болып өтті.

Тұтынушылардың қанағаттанушылығы мен өнім сапасын алдыңғы орынға қоятын және HIMSS Турция 2016 көрмесінде гала-демеуші ретінде қатысқан, Түркия мен әлемдік нарықта беделді бренд болып табылатын «AKGÜN» компаниясы ұлттық және шетелдік медициналық ақпараттық ұйымдарын, сонымен бірге, медициналық ақпараттағы және сандық нысандағы ауруханалардағы мемлекеттік және жеке сектор өкілдерін біріктірумен қатар, отандық және шетелдік келушілердің көпшілігі тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.

Стендті көруге келген қонақтарға «AKGÜN» компаниясы брендінің ауқымдылығы, қаттылығы, иілімділігі мен құндылығы туралы айтылып, медициналық қызмет көрсету санын арттыруға және жаһандық аренаға ықпал ететін диагностикалаудың автоматтандырылған жүйелері, клиникалық ақпараттық жүйелер, көзбен шолудың радиологиялық жүйелері, кескіндері келтірілген 3D-оталар, шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері, мобильді қосымшалар мен басқа да жобалар таныстырылды.

Денсаулық сақтау министрлігі мен HIMSS Еуропалық ынтымақтастық ұйымы тарапынан ұйымдастырылған HIMSS Түркия және EMRAM оқыту конференциясы мен денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар көрмесінің ашылу салтанатына Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Шуаип Биринджи,  HIMSS президенті Х. Стивен Либер, Түркия мемлекеттік ауруханаларының Басқарма төрағасы проф. Доктор Альпер Джихан және «AKGÜN» компаниясының Басқару кеңесінің төрағасы Темель Акгюн қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары доктор Шуаип Биринджи үстіміздегі ғасырдың осы ғасырдағы барлық бизнес-жобаларды өзгерткенін мәлімдей келе, өздерінің Денсаулық сақтау министрлігі атынан ақпараттық технологияларды қолдану арқылы барлық өндіріс пен көрсетілетін қызметтерді біріктіруге бағытталған 4-ші индустриялық төңкеріске бей-жай қарап қала алмайтынын жеткізді.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары доктор Шуаип Биринджи, уақыт пен кеңістік тұжырымы деген сіздің технологияда тоқтаған жеріңіз, сіз онымен өзіңіз қалаған уақытта және жерде кездесе аласыз деп атап өтті. Сонымен бірге, ол: «Сандық нысандағы әлем мен іскерлік өмір адамдар үшін де,олардың денсаулығы үшін де жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазіргі уақытта біз диагноз қою және емдеу үрдістеріне нақастардың өздері қатысатын, тұрақты денсаулық сақтау саясаты сандық нысандағы мәліметтер мәнмәтініде қаралатын қызмет көрсету үрдісі туралы айтып отырмыз. Бұл тұрғыдан алғанда, сандық ынсанға көшіру дегеніміз технологиялық аспаптардың денсаулық сақтау саласының ортасымен бірігуі, мобильді медициналық жабдықтардың тиімді қолданылуы, ірі мәліметтер қосымшаларын ендіру және диагноз қою және емдеу үрдістерін басқару, бұл дегеніміз медициналық қызметкерлер медицинадағы ауруханалардың қандай ажырамас бөлігі болса, дәл сондай медицинаның ажырамас бөлігі болып табылады.

HIMSS Х. Президенті Стивен Либер өз сөзінде былай деп мәлімдеді: «Түркия алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға жаһандық тұрғыдан кірісіп, осы салада көшбасшылық орынды иемденді, HIMSS Түркия 2016-да Испания, Нидерланды және Германиядан кейін біз, Түркия болып, жаңашылдықтарға қол жеткіземіз. Біз HIMSS пен EMRAM стандарттары мен аккредиттеу нәтижелері бойынша 7-деңгейге жеткен бір аурухананы марапаттаймыз. Сонымен бірге 6-деңгейге жеткен 17 аурухана тағы бар. Біз үлкен ілгерілеу туралы айтып отырмыз. Өзіміз көріп отырғанымыздай, Түркия Еуропадағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жүргізілген біздің жұмысымыз басқа да елдерге үлгі боларлық серіктестік түрінде көрініс табады».

Гала-концертте сөз сөйлеген «AKGÜN» тобының Сату және маркетинг жөніндегі директоры Гёкмен Куввет былай деп мәлімдеді:

«Осы салтанатты жиын барысында сіздермен өзіміздің осы саладағы 30 жылдық тәжірибемізбен бөлісетінім үшін қуаныштымын. Мен біздің барлық басқарушыларымыз бен медицинлақы ұйымдарымыздың қызметкерлеріне біз ұсынған әрі ұсынуға жалғастырып келе жатқан қолдау мен даму шараларына қосқан үлестері үшін алғысымды білдіргім келеді. Көптеген жылдар бойы, денсаулық сақтау саласының дамуына қарай, біздің болжамдарымыз бен зерттеулерімізге негізделе отырып, біз осы өзгерістерге әрдайым баса назар аударып келдік және оны қаржыландырды тоқтатқан емеспіз. Біз шын мәнінде де жаңашыл әрі заманауи құрылымдар мен технологияларға негізделген өнімдеріміз бен шешімдерімізді әзірлеп келеміз, бұл ретте біз ағымдық құрылымдар мен технологияларды өзгертуге незіделмейміз, өз тәжірибеміз бен жаңашыл технологияларды қолданамыз. Осы ретте біз медициналық-манитарлық көмек көрсетуді, шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерін, мобильді қосымшаларды, мәліметтер мен мәліметтер алмасу орталықтарының толыққандылығын, бұлтты технологияларды, өнімдер мен қауіпсіздік негізіндегі шешімдерді қаржыландырған болатынбыз және жалғастыра бермекпіз».

 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020