Испарта қалалық ауруханасы «AKGÜN» компаниясының сандық технологиялары мен әлемдік стандарттарымен науқастарды қабылдауды бастады…
Шыгару тарихы: 04.04.2017 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

Испарта қалалық ауруханасы ел президенті Реджеп Тайип Эрдоғанның «Менің арманым» деп атаған қалалық ауруханаларының бірі. Бұл аурухана «PPP-Public Private Partnership» жобасы шеңберінде іске асырылып отырған, елімізде көптеген заманауи ауруханалардың салынуына себепші болған, бүгінгі таңда Түркиядағы денсаулық сақтау саласындағы ең ірі бағдарлама болып табылатын «Денсаулық сақтаудағы түрлену бағдарламасы» аясында жүзеге асырылды, 24 наурызда болып өткен аурухананың ашылу салтанатына  премьер-министр Бинали Йылдырым қатысты, арухана қазіргі уақытта науқастарды қабылдауды бастап кетті.

Ауруханада 755 орынға арналған 167 амбулаториялық емдеу бөлімшесі, 20 ота жасау бөлмесі, 131 орындық интенсивті терапия бөлімшесі, 35 орынға арналған физикалық оңалту бөлімшесі, 26 адамға арналған гемодиализ бөлімшесі, 35 инкубаторлық жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия бөлімшесі, жедел жәрдем тікұшақтары ұшып-қона алатын тікұшақ алаңы жұмыс істейді.

«AKGÜNYazılım» компаниясы ретінде біз еліміз үшін аса маңызды болып табылатын Испарта қалалық ауруханасы жобасында басқару жүйесі қызметін жолға қою үшін сандық технологияларды белсенді түрде қолданып келеміз.

Аурухананы басұаруға арналған бағдарламалық жасақтама AKGÜN компаниялар тобы тарапынан ұсынылған, аурухананың инфрақұрылымы мен медициналық жабдықтары TAV IT тарапынан орындалған. Ауруханаларда жүргізілетін бұндай сандық нысанға көшіру барысында науқастың денсаулығы туралы барлық ақпарат дұрыс әрі толық жазылатын болады да, оған бір ғана тетікті басу арқылы қол жеткізу мүмкіндігі бар. Осылайша, науқастарға диагноз қою және оларды емдеу үрдісі жылдамдай түседі де, медицина қызметкерлерінің жұмысы жеңілдей түседі. Біз Испарта қалалық ауруханасында сандық нысанға көшірілген аурухана жұмысының үрдісін жылдамдататын жүйеге қызмет көрсететін боламыз.

Біздің бағдарламалық жасақтамамызды қолданатын қалалық ауруханаларда сол ауруханада орналасқан ақпараттық жүйелер өзара әрекеттестікте болады, ақпаратты басқару жүйесіне желілер мен қадаға тетіктері арқылы медициналық жабдықтардың барлық түрлері ақпарат жібере алады, ал бұл жүйедегі ақпаратты ауруханадан тікелей немесе қызметкерлер мен науқастардың құзыреттіліктері мен мақұлдауы шегінде қашықтықтан да алуға болады.

Науқастарды емдеу мен қызметкерлер жұмысының ыңғайлылығы үшін «AKGÜN» компаниясының ақпараттық технологиялары қолданылатын осы тектес ауруханаларда ең алдымен қолдан жүргізілетін тіркеу шаралары жойылады, қағаз бен рентген таспасының шығыны болмайды, қызметкерлердің құжаттарды толтыруға жұмсайтын уақыты азаяды.

Науқастар мен емшаралар туралы мәліметтер мен ақпараттардың барлық түрлері дұрыс әрі толық жазылатын болады, тиісті тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелердегі емдеу мен жолдау шараларында орын алатын медициналық қателіктердің саны кеми түседі, ал науқастарға диагноз қою, оларды емдеу мен олармен мониторинг жүргізу салаларында сапа деңгейі артып, барлық ақпараттар науқастың жеке жазбаларына енгізіледі.

 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020