«AKGÜN» компаниясының ақпараттық секторы маркасы Expomed Eurasia 2017 Көрмесінде үлкен қызығушылық тудырды…
Шыгару тарихы: 13.04.2017 | Сонғы жанарту күні: 30.05.2018

EXPOMED 2017 КӨРМЕСІНДЕГІ «AKGÜN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОСЫМШАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ҚАЛДЫРЫЛҒАН ІЗІ… 

Қатысушылары Корея, Қытай, Тайвань, Германия, Италия, Греция, Сербия, Чехия, Польша, Швейцария, Малайзия, Пәкістан, Үндістан мен Бірікке араб эмираттарынан келген бұл көрме халықаралық деңгейде өтті. Көрмемен бір мезгілде өткізілген «Қалалқы ауруханалар, сауықтыру туризмі, мемлекеттік және жеке серіктестік» симпозиумы асқан қызығушылыққа ие болды. Денсаулық сақтау және білім беруді басқару қауымдастығы (SAYED) мен Мемлекеттік және жеке серіктестік қауымдастығының ұйымдастыруымен 1-2 сәуірде болып өткен симпозиумға Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі, профессор, доктор Реджеп Акдаг, шет мемлекеттерің Денсаулық сақтау министрлері мен лауазымды тұлғалары қатысты. Ашылу салтанатынан кейін денсаулық сақтау министрлері екіжақты келіссөздер жүргізді. Денсаулық сақтау және білім беруді басқару қауымдастығы (SAYED) мен Мемлекеттік және жеке серіктестік қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен симпозиумның екінші күнінде REED TÜYAP бес шет мемлекеттің министрлерін қабылдады. Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Реджеп Акдагтың Түркиядағы және дүние жүзіндегі денсаулық сақтау орындарын бағалаған министрлер қалалық ауруханаларға қатысты барлық мәселелердің Түркиядағы мемлекеттік және жеке серіктестік моделі бойынша шынайы түрде орындалып жатқаны туралы баяндамасын тыңдады. REED TÜYAP, Денсаулық сақтау және білім беруді басқару қауымдастығымен (SAYED) және Мемлекеттік және жеке серіктестік қауымдастығымен бірлесе отырып өткізілген «Қалалық ауруханалар, сауықтыру туризмі, мемлекеттік және жеке серіктестік» Симпозиумының екінші күнінде, яғни, 2 сәуір 2017 жылы Ыстамбұл қаласында мемлекеттік және жеке серіктестіктің арқасында шынайы жүзеге асырылған қалалық ауруханаларға қатысты барлық мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Симпзиум Мемлекеттік және жеке серіктестік қауымдастығының төрағасы Нихат Тосунның кіріспе сөзінен кейін, Отбасы, еңбек және әлеуметтік істер жөніндегі парламенттік комиссияның төрағасы доктор Вурал Кавунджуның, Қазақстан Республикасының Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары Кузембаев Нурбол Иризматовичтың,  Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрі Агеев Эльсевардың, Косовоның Денсаулық сақтау министрі Кадир Хусейннің, Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Файяд Дандашидің, Пәкістанның Пенджаб провинциясының Денсаулық сақтау министрі Хаваджа Салман Рафиктің, Бахрейннің денсаулық сақтау министрі Фаэка Саид Альсаленің, Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Талантбек Батралиевтың, Мадагаскардың Денсаулық сақтау министрі Мами Лалатиана Андриаманаривуидің,  Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Реджеп Акдагтің баяндамалары тыңдалды.

Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Реджап Акдаг бүгінгі таңда біздің 80 миллион азаматамыз мемлекеттік медициналық сақтандырумен қамтылғанын мәлімдеді. «Көп жағдайда денсаулық сақтау жүйесі әкімгерлерінің көп қаржы жұмсайтыны туралы қате пікірлер айтылып жатады»,- деген ол, өз сөзін былай жалғастырды: «Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласына кеткен шығындар елдің дамуына жұмсалған шығындарды білдіреді». Қаржыландырушы ұйымдар бұны дамудың негізі ретінде қарастыруы тиіс дей келе: «Денсаулық сақтаудағы түрлену бағдарламасы деп аталған бұл бағдарлама 10 жылдың ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Азаматтарымыздың денсаулық сақтау саласының қызметіне қанағаттану деңгейі 39 %-дан 75 %-ға дейін өсті. Ана мен бала өлімі көрсеткіштері айтарлықтай төмендеді. Бұл көрсеткіш 100 мың анаға/ аяғы ауыр келіншектерге шаққанда 70 %-ды құраған болса, қазіргі таңда 14%-ға дейін азайып отыр. Министрлік ретінде біз бұл көрсеткіштің одан ары да төмендеуіне атсалысамыз. Екінші жағынан, Түркиядағы қаржылық қорғаныс жүйесі тұрығысынан, бұл айтарлықтай мінсіз жүйе болып табылады. Бұгінгі таңда біздің 80 миллион халқымыз мемлекеттік медициналық сақтандырумен қамтылған. Азаматтар алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем қызметінде де, екінші ретті медициналық жәрдем қызметінде де  көрсетілетін денсалық сақтау қызметіне деген өз құқықтарын тамаша пайдалануда. Біз құрып жатқан жүйе қымбат емес әрі баршаға қол жетімді»,- деді ол. Сонымен қатар Акдаг: «Аталған жүйе көптеген тұстарды қамти отырып, оларды өзгертті, осы түрленуді жүзеге асыру үшін біз алғаш болып қызметкерлерімізге атқарылған жұмыс көлеміне қарай еңбекақы бере бастадық. Бұл қызметкерлердің еңбек өнімділігінің едәуір артуына септігін тигізді. Әрине, түрлену әлі де жетіле түсуі қажет. Екінші жағынан, бұл мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде атқарылған қызмет болып табылады. Өйткені, Түркия денсаулық сақтау саласындағы түрлену бағдарламасының екінші кезеңіне қадам басты. Бұл кезең өзінің тиімділігімен және оңай қолжетімділігімен өзгеретін болады да, соңында жоғары сапалы қызметке айналады.  Түркия бұл жолда маңызды қадамдарды жасау үстінде. Бұл кезең Түркияда көрсетілетін қызметтерге оңай қолжетімділікті нығайтумен қатар, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау саласы дос әрі бауырлас елдермен қарым-қатынасымызды ары қарай да нығайта түсетін және серіктестігімізді жалғастыратын маңызды салалардың бірі»,- деп мәлімдеді.

AKGÜN компаниялар тобы Akfen, Renaissance, CCN Holding секілді қүрылыс компанияларымен бірге сандық технологиялар мен бағдарламалық жасақтама секторының көшбасшысы болып табылады, ол қалалық ауруханаларын жобаларын іске асырған, денсаулық сақтау секторында жаңа технологиялар, зерттемелер және әзірлемелер орталықтары мен үздік инновациялық өнімдер берілген платформада көрме ұйымдастырылған төрт күн бойы да іскерлік және саяси әлемге деген қызығушылықтың қарқынды түрде артқаны байқалады.

AKGÜN компаниялар тобы жаңа жобалар, өнімдер мен халықаралық серіктестік жобалары берілген өзінің ағымдағы бизнес-жобасының дамуын қаржыландыруды жалғастырумен қатар, денсалық сақтау саласындағы жаңа технологияларды түрленіруде жетістікке жеткендігін дәлелдей түсті.

 


Жоғары

Акгюн Язылым © 2020